Тәрбие жұмысы

????2021 жылдың 8 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының “FM” пікірталас клубының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тұғыры биік-Тәуелсіздік”атты пікірталас турнирі өткізілді.
???? Жарысқа барлығы 10 спикер,5 фракция қатысты.Жарыс АПФ,ЛД форматтары бойынша жүргізілді.
Берілген тақырыптар бойынша спикерлер жүйелі ойын өрнегін көрсетіп,берілген идеяларды толық аша білді.Өз идеялары, ұсыныстары арқылы тәуелсіздіктің басты құндылықтарын ұғындырғандай болды.Себебі тәуелсіздік пен ой, сөз еркіндіктері егіз ұғымдардай қатар жүреді.
????Турнир қорытындысы бойынша білім мен тапқырлықты, шапшаң ойлау мен сөйлеу өнерін қатар алып,үлгілі ойын өрнегін көрсеткен “Position” мен “Аристократ” фракциялары жеңімпаз атанды.Турнирдің “Үздік спикер” марапатын Есқалиев Санжар иеленді.

#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе

"Ата-аналар жексенбілігі" аясында интернат тәрбиеленушілерімен Орынбасар Әбілмансұрдың  ата-анасы Дилимова Асель қыз балаларға "Құрақ құрау- өнердің сарқылмас көзі" тақырыбында шебер класс өткізді. Қазақ халқының қолөнерінің бірі -құрақ құрау өнері туралы түсініктеме беріп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәрбиесін, өнер мен мәдениетін жоғалтпау мақсатында , құрақ құрау әдісін үйретті.Қыз бала үшін өнердің маңыздылығын айтып, құрақтың тарихымен таныстырды. Қыз балалар тез меңгеріп осы шебер кластың нәтижесінде шай көрпе тігіп шығарды.

????Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасының "Әдеби әлем" марафоны аясында тілдер және қоғамдық ғылымдар бірлестігі Рахымжан Отарбаевтың «Айна-ғұмыр» атты пьесалар жинағының таныстырылымын көрсетті.
????Пән мұғалімдері жинақтағы "Бейбарыс сұлтан", "Сырым батыр", "Жәңгір хан", "Двойник", "Айна ғұмыр" драмаларының таныстырылымын буктрейлер, слайд түрінде жан-жақты түсіндіріп, автордың тарихтағы табандылық пен тамырдағы тектілікті ұштастыра отырып, адам мен қоғам, тұлға мен тобыр тартысқан заман шындығы, бұрын беймәлім болып келген көп құпиялар біртуар халық перзенттерімен бірге сырын ашып, өлген тарихқа жан бітіріп, тарихи тұлғалардың ұлт бостандығы үшін сіңірген толассыз еңбектері біз білмейтін жаңа қырларын ашуға септігін тигізгенін атап көрсетті.
????Автор қазір қоғамда орын алған келеңсіз жайттарды да өз шығармаларында көрсете білді. Таныстырылым соңында қатысушы мұғалімдерден @quizizz.com платформасы арқылы кері байланыс жүргізіліп, өзара пікір алмасты.

#АқтөбеОқуғақұштармектеп

 

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күніне орай "Ғасырдың керемет азаматы" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Елбасының атына басылып шыққан кітаптарына толық түрде библиографиялық шолу жасалды.Оқушылар тұңғыш Елбасымыздың мектеп кезінде қалай оқығанынан бастап ,Президент болғанға дейінгі өмір жолымен танысып мағлұмат алды.
Өткізген мектеп кітапханашысы Бекберген Гүлзат.