«Оқуға құштар мектеп» жобасының «Әдеби әлем» марафоны

Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні педагогика-психология бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасының «Әдеби әлем» марафоны аясында Дулат Исабековтің «Жеті желкен» атты пьесалар жинағының таныстырылымы болып өтті. «Осы жұрт Исабековті біле ме екен?»-деп тақырып ала отырып, тау тұлғалы қаламгерді жан-жақтан ашуды мақсат тұттық. Журналист жолға шығып, тыңдармандарды сұрағымен баурап, Исабеков әлеміне алып келді. Жазушының өмірі жайлы қызықты деректерден мысалдар келтіре отырып, «Мен оқыған бір кітап...» тақырыбымен «Жеті желкен» пьесалар жинағына енген туындыларға тоқталып, өз пікірлерін білдірді. Кері байланыста «Дулат-қазақ драматургиясын биікке көтеруші» деген ойды оқырмандар көкейіне түйді.

#физмат#тәрбие

#АқтөбеОқуғақұштармектеп
#Ақтөбетынышоқу
#Ақтөбемағыналыоқу
#Оқимызсахналаймыз