Тәрбие жұмысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 2-наурызында "Заманауи тәрбие технологиясы-тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолы" атты Педагогика-психология бірлестігінің онкүндігі аясында "Тәрбиешілердің қызметін ұйымдастырудағы заманауи әдістер" атты мектепішілік семинар өтті.
???? Семинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Н.Ж.Жалғасқызы қатысты.

Толығырақ: "Тәрбиешілердің қызметін ұйымдастырудағы заманауи әдістер" атты мектепішілік семинар өтті

Бүгін 2 наурыз күні "Педагогика-психология бірлестігі" онкүндігінің жоспарына сәйкес 10 класс оқушыларына "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бірлестік жетекшісі Балжан Айетованың ұйымдастыруымен М.Әуезовтің "Оқыған азамат" әңгімесі желісінде сыныптан тыс шарасы өтті.
Сыныптан тыс шараға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Нұрлыгүл Жалғасқызы қатысты.

#физмат#тәрбие

????️Бүгін 2 наурыз күні "Педагогика-психология бірлестігінің" онкүндігі аясында 9 "А" класының тәрбиешісі Салтанат Нурмагамбетованың ұйымдастыруымен Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған "Қонаев - халқымыздың қайталанбас қоғам қайраткері" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
????️Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан -жақты түсінік қалыптастыра отырып, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі жайында білімдерін кеңейту.

#физмат#тәрбие

♣️2022жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернатының 9"Б" класында "Экстремизм - адамзаттың қасіреті" атты ашық тәрбие сағаты өтті.
♣️Мақсаты: оқушыларды экстремизм және олардың түрлерімен таныстыра отырып, оның зардаптарын адамзат баласына тигізетін қауіпін,алдын алу жолдарын ұғындыру.
Класс тәрбиешісі: Задагуль Бекмаганбетова.
******************
#физмат#тәрбие

????????????????????????????????????????????????????????
Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 6-11 класс оқушыларына кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Айтқұл Бекжан Нұрбекұлы "Қалта ұрлығы. Оқушылардың қалта телефондарын қоғамдық көлікте қолдануы" тақырыбында оқушыларға сақтық шараларын түсіндіріп, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы айтты.

#физмат#тәрбие