Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу


26 ақпан 2022 жылы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 10-11 класс оқушылары мен "Ақтөбе облысының дін  істері басқармасы" «Аңсар ақпараттық-талдау орталығының» ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы және орталықтың психолог маманы Касенов Ақжол Нұрланұлымен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – оқушыларға дін жайында ақпарат беру, оларға теріс ағымдардың ықпал етуінің алдын алу.
Кездесу барысында теолог маман ислам діні және қазіргі қоғамдағы дін мәселелері туралы сөз қозғады. Психолог маман "Деструктивті ағымның ықпалына түскен адамдардың бойындағы өзгерістер" және "Әлеуметтік желінің әлуеті мен әлегі" тақырыбындағы бүктемелер таратты. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, көптеген пайдалы ақпаратпен танысты.