Психологиялық қызмет жаңалықтары

🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп - интернатында 2022 жылы 6-8 класс аралығында "Жасырылған қасиет" жаттығуы ұйымдастырылды.
💠Мақсаты: оқушылармен адам бойындағы асыл қасиеттер және жағымсыз қылықтар туралы пікірлесу, жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен жиренуге баулу, адамгершілік сезімдер арқылы рухани жан дүниені байыту.
💠Оқушылар жаттығу жұмысына өте белсенді, қызығушылықпен қатысты, жаттығу әсерлі болды.

🔮💎🔮💎🔮💎🔮💎🔮💎🔮💎Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 7-11 ақпан аралығында 9-11 класс оқушыларына "Жағымсыз эмоциялық күйді шығару" жаттығуы өтілді.
Ⓜ️ақсаты: бойдағы эмоциялық қысымды, жағымсыз эмоцияларды шығару, топ арасында жағымды қарым-қатынас орнату, жақсы психоэмоционалдық көңіл-күй туғызу.
💎Жаттығу барысында оқушылар өзара жағымды қарым-қатынас жасай білді, эмоциялық кернеулік ыдырап, көңіл-күйлері көтеріліп, топта үйлесімділік пен жайлылық қалыптасты.

💎💎💎💎💎💎💎💎Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 7-10 ақпан аралығында 9,11 класс оқушыларына "Ұйқыдағы қала" психологиялық ойыны өтілді.
🔍 Мақсаты: бірлесе жұмыс жасау арқылы өміршеңдігі, яғни маңызы бар мамандықтарға мән беру, кәсіп таңдау мәдениетін қалыптастыру.
💠Бұл ойын аясында оқушылар топтарға бөлініп, басқарушылық, зияткерлік, бизнес бағыты бойынша белсенді жұмыс жасады.
💠Ойын арқылы болашақтағы өз мамандығының мүмкіндігін көру, қызығушылығына қарай оңтайлы және табысты мамандық таңдауға бағытталу жолға қойылды.

🔶🔸🔶🔸🔶🔸🔶🔸Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 7-10 ақпан аралығында 9,11 класс оқушылары үшін «Емтихан» психологиялық ойыны өтілді.
📝 Мақсаты: Оқу процесіндегі маңызды емтихан кезіндегі күйзелістік ахуалдың алдын алу және психологиялық дайындығын нығайту.
🔆Оқушылар үшін емтихан ойыны әсерлі, жағымды болды.
🔆Бұл ойын 9-шы және 11 класс оқушыларын алдағы маңызды емтиханға дайындық жасау негізінде ұйымдастырылды.

⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️⚛️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 5 ақпанында интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Өзін-өзі тану және бақыт" фракция көшбасшысы, 10 "А" сынып оқушысы Саламатова Фарида Саламатқызы, психолог Истигулова Мейрамгул Кантарбаевнаның ұйымдастыруымен "Мафия" ойыны өткізілді.

Толығырақ: "Мафия" ойыны өткізілді