Танымдық жаттығулар: "Шульте" кестесі, "Струп-тест"

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 30 жұлдызында 6 класс оқушыларына Танымдық жаттығулар: "Шульте" кестесі, "Струп-тест" өткізілді.
📝Мақсаты: таным үрдістерін арттыру: ес, зейін, қабылдау және ақыл-ойды дамыту.
💠Танымдық жаттығуларды оқушылар уақытқа байланыстырып, жылдам орындауға белсенділік танытты, барлығы үлкен қызығушылықпен қатысты.
💠Оқушылар психологиялық жаттығулар арқылы танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.