Психологиялық қызмет жаңалықтары

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қазан айының 10-шы жұлдызында "Орта буынды ортаға бейімдеу" бағытында 6 класс ата-аналармен жиналыс өтілді. Мұнда лицей психологі М.Истигулова оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі туралы жүргізілген жұмыстарға жеке-жеке ақпараттық түсіндірме жасады. Оның ішінде:
- оқушылардың темперамент типтері, мінез-құлқына қарай көрсеткіштерін түсіндіру,
- оқуды игеруде әр оқушының "есте сақтау түрлерінің көрсеткіштері",
- отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі,
- оқушының арман-тілегінің айқындылығы,
- бала агрессиясының деңгейін зерттеудегі диагностиканың нәтижесі толығымен түсіндіріліп, ата-аналарға психолог тарапынан психологиялық кеңестер берілді.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қазан айында 6-11 класс оқушылары арасында "Эмоция бояулары" тақырыбында арттерапия жұмысы өтілді.
????Мақсаты: психикалық көңіл-күйді қалыпқа келтіру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, жағымсыз әсерлерді ыдырату, ішкі жан әлемінің үйлесімді дамуын реттеу.
????️Аталған мақсатта оқушылар түрлі-түсті бояулар және ермексаздармен арттерапиялық жұмыс жасады.
✏️Жүргізілген жұмыс оқушыларға ерекше әсер қалдырды, оқушылар ұжымында жағымды, жылы атмосфера қалыптасты.

????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қазан айының 3-ші жұлдызында "Ұстаздар мерекесіне" орай педагогикалық ұжымға арналған "Мұғалім мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі" атты психологиялық көңілді ойын (тимбилдинг) М.Истигулова, А.Карасаеваның ұйымдастыруымен өтілді.
????Мақсаты: ұстаздарға жарқын көңіл-күй сыйлау, ұжымдық бірлікті, өзара қарым-қатынасты нығайту.
????Ұйымдастырылған мерекелік тимбилдингке ұстаздар өте белсенді қатысты, педагогикалық ұжым арасында жоғары көңіл-күй мен жарасымды қарым-қатынас орнады.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қыркүйек айының 23-де "Орта буынды ортаға бейімдеу" аясында 6 класс оқушыларына темперамент ерекшеліктерін және есте сақтауды зерттеу жұмыстары өтілді.
✅Оқушының темперамент ерекшелігі мен таным үрдісі: есте сақтауы, зейіні, қабылдауы оның оқу әрекетіне ынтасын, мінез-құлқының көрінісін, оқуға немесе тапсырманы орындауға тез тартылу динамикасын айқындайды.
✅Оқушылар жүргізілген диагностикалық жұмыстарға белсенді қатысты, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қыркүйек айының 16-шы жұлдызында "Орта буынды ортаға бейімдеу" бағытында 6 класс оқушыларына «Жаңа есім» жаттығуы өтілді.
????Мақсаты: оқушылар  арасында  жағымды атмосфера қалыптастыру, өз ерекшеліктерін көре білу, жаңа ортаға дағдыландыру.
????Ұйымдастырылған жаттығу жұмысы оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезінуге, өзін таныстыра отырып, өз ерекшелігін көре білу мен өзіне қымбат жандарды және өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік берді. Жаттығу жұмысы оқушыларға жақсы әсер қалдырды.