Әдістемелік кеңес

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың желтоқсан айының 14 жұлдызында мектепішілік әдістемелік кеңес өтті.
📝Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыра отырып, өзіндік шығармашылықтарын дамыту.
📒Әдістемелік кеңес барысында кеңес жетекшісі Р.К. Аяуова әдістемелік кеңестің жоспарымен таныстырып өтті. Кеңес аясында "География пәнінен жүргізілетін топтық жұмыстың тиімділігі" Қ.М.Сисенов-география пәні мұғалімі, "PIZA" зерттеулеріне негізделген тапсырмаларды физика сабақтарында қолдану" Э.С.Марқабай-физика пәні мұғалімі, "Биология пәндері бойынша білім беру мазмұнын іске асырудағы тұжырымдамалық және саралап оқыту" А.А.Карасаева-биология пәні мұғалімі, "Көркем еңбек пәнінде 3Д сабақ өткізу әдісі" Г.А.Елманова-көркем еңбек пәні мұғалімі өз іс-тәжірибелерінен шығармашылық жұмыс көрсетті.
✏️Әдістемелік кеңес соңында психолог М.К.Истигулова "Идеалды үй" психологиялық тренингін өткізді.
✏️Ұйымдастырылған әдістемелік кеңес мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі жұмыс, шығармашылық даму екенін дәріптеді.