Табысты оқыту және құзырлы мұғалім

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың қаңтар айының 18 жұлдызында "Табысты оқыту және құзырлы мұғалім" атты мектепішілік әдістемелік конференция жұмысы өтті.
💠Конференцияны лицей-интернаттың әдістемелік жетекшісі Р.К.Аяуова ашып, "Тарих сабағында визуалды технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту" Б.Сагингалиева- тарих пәнінің мұғалімі, "Оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер" З.Рахметулла- математика пәнінің мұғалімі, "Сабақты зерттеу-оқытуды жақсартудың кепілі" Б.Сулейманов, "Кәсіби құзыреттілік- ұстаз жемісі" Ж.Нургазина, "Тиімді ойлау дағдылары және когнитивтік икемділік" Г.Маясарова сынды ұстаздар өз іс-тәжірибелерінен үздік жұмыстар көрсетті.
💠Конференция соңында психолог М.Истигулова "Әріптесімнен хат" атты психологиялық тренинг өткізді.
💠Конференция лицей-интернат мұғалімдерінің кәсіптік, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, ізденістерін дамытуға мол мүмкіндік берді.