"Сырғалым" қыз балалар клубының отырысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 18 қаңтарында "Бой түзеу, әуелі ой түзеу" тақырыбында интернат тәрбиеленушілерімен "Сырғалым" қыз балалар клубының отырысы өтті.
📝Күн тәртібінде "Қыз бала гигиенасы" және "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" мәселелері қаралды.
✅Отырысты "Сырғалым" қыз балалар клубының жетекшісі К.Нугманова ашып, лицей-интернат медбикесі Г. Шаукенбаева, педагог-ұйымдастырушы Г.Имангалиевамен бірлесіп, қыз бала гигиенасы туралы өзара пікірлесу жүргізді.
✅Лицей-интернат психологі М.Истигулова "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" тақырыбында ағарту жұмысын өткізді.
✅Отырыс аясында күн тәртібіндегі мәселелерге орай бейнебаяндар көрсетілімі жасалып, қыз балалардың пікірлері рефлексия арқылы қорытындыланды.