Психологиялық қызмет жаңалықтары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 20 Қыркүйек 2022
-
Қаралды: 220
🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қыркүйек айының 16-шы жұлдызында "Орта буынды ортаға бейімдеу" бағытында 6 класс оқушыларына «Жаңа есім» жаттығуы өтілді.
🌀Мақсаты: оқушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру, өз ерекшеліктерін көре білу, жаңа ортаға дағдыландыру.
🌀Ұйымдастырылған жаттығу жұмысы оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезінуге, өзін таныстыра отырып, өз ерекшелігін көре білу мен өзіне қымбат жандарды және өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік берді. Жаттығу жұмысы оқушыларға жақсы әсер қалдырды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 15 Қыркүйек 2022
-
Қаралды: 118
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қыркүйек айының 14- де пәндерді оқытуда пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін, өзіндік- шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында әдістемелік кеңес өтілді. Жаңа оқу жылындағы алғашқы кеңес жұмысын әдістемелік кеңес жетекшісі Р.К.Аяуова ашты. Кеңес аясында "Ұлағат" кәсіби- шығармашылық топтың жұмыс жоспарын топ жетекшісі Г.Б.Сатаева және "Жас қанат" жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарын А.Н.Султанмуратова таныстырды. "Математика сабақтарында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жолдары" математика пәні мұғалімі О.Саржанов, "Геометриялық денелердің 3д иллюстрациясы" математика пәні мұғалімі М.Нажмадинов, "Геометрияны оқытуда "Geogebra" бағдарламасының тиімділігі" математика пәні мұғалімі А.Жолмагамбет, кеңес барысында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік кеңес соңында "Педагогикалық ұжымның мотивациялық дайындығы" атты сауалнама жұмысын психолог М.Истигулова өткізді.
Әдістемелік кеңес жұмысы алдағы мақсат-міндеттерді жүйелеп,жаңа оқу жылында ұйымдастырылатын іс-шараларға басымдылық берді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 28 Мамыр 2022
-
Қаралды: 235
🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың мамыр айының 27- ші жұлдызында 7 класс оқушыларымен "Жазғы мектеп" аясында психологиялық акция "Пикник" ұйымдастырылып өтілді.
✅Акция мақсаты: жасөспірімдерге жағымды көңіл - күй сыйлау, ұжыммен қарым - қатынасын нығайту, өзара достық қарым - қатынасты орнатуда психологиялық қолдау көрсету.
✳️Оқушылар өзара серіктес, дос болу арқылы топтық жұмыстарға, бірлескен жұмыстарға белсенді қатысты.
✳️Табиғат аясында өткен акция оқушылар үшін әсерлі, жағымды сезімге толы болды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 21 Мамыр 2022
-
Қаралды: 175
📚АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНДА 2022 жылдың мамыр айының 20-шы жұлдызында «ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ КЕРУЕНІ – 2022 ЖЫЛ» атты әдістемелік дөңгелек үстел өткізілді.
✍️МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ жұмысын әдістемелік жетекші Аяуова Р.К. ашып, «Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты»-Хайрулла Е, көркем еңбек пәнінің мұғалімі және «Бірлестіктердегі жүргізілген әдістемелік жұмыстың қорытындысы – Саржанов О., Бозшин Б., Сагингалиева Б., Рамазанова А., Айетова Б – бірлестік жетекшілері жыл бойы жүргізілген өз жұмыстарын қорғады.
📝Дөңгелек үстел аясында "Жарасымды көңіл-күй" психологиялық тренингін психолог Истигулова М.К. өткізді.
📝Әдістемелік дөңгелек үстел жоғары деңгейде, жағымды атмосферада өтті.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 17 Мамыр 2022
-
Қаралды: 153
📚📚📚📚📚📚📚Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың мамыр айының 11-16 аралығында 9,11 класс оқушыларына ҰБТ және мемлекеттік емтиханды сәтті тапсыруы үшін психологиялық кеңес жұмысы ұйымдастырылды.
📝ҰБТ – ға, емтиханға дайындалу кезінде оқушыларды өзінің мінез – құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін – өзі бағалау деңгейін жоғарлатуға кеңес жұмыстары мен оқушылардың өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділігін нығайту мақсатында жаттығу, тренинг жұмыстары өтілді.
Оқушыларға емтиханды сәтті тапсыруға жадынама ұсынылды.