"Көтеріңкі көңіл-жемісті еңбек" тренингі

Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы мен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының ұйымдастыруымен «Ынтымақтасқан орта - білім берудің негізі» атты шебер сыныпқа қатысушыларға психолог М.Истигулова мен педагог А.Карасаева "Көтеріңкі көңіл-жемісті еңбек" тақырыбында тренинг өткізді.
✅Қатысушы әріптестер тренингке белсенді, үлкен қызығушылықпен қатысты.
✅Тренинг қатысушыларға жағымды ахуал, топтық жұмысқа бағыттау, ауызбіршілікке шақыру, бірлесіп шешім табуға және өзара келісімге келуге, шығармашылыққа жетелеуге мүмкіндік берді.