"Қауіпсіз өмір-қауіпсіз интернет", "Кибербуллинг", "Буллинг" тақырыптарында психологиялық ағарту жұмысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 16-20 қаңтар аралығында 6-11 класс оқушыларына "Қауіпсіз өмір-қауіпсіз интернет", "Кибербуллинг", "Буллинг" тақырыптарында психологиялық ағарту жұмыстарын М.Истигулова өткізді.
✅Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, "Кибербуллинг" "Буллинг" және оның салдары, қорғану жолдары туралы оқушылармен бірлескен топтық жұмыстар өтіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салып, психологиялық білімдерін толықтырды.
Оқушылармен өткізілген ағарту жұмысына класс тәрбиешілері қатысты.
✅Ағарту жұмысы аясында әлеуметтік желіні оңтайлы пайдалануға, өзінің психологиялық, физикалық саулығына мән беруге, өз қауіпсіздіктеріне назар аударуға, дер кезінде мамандарға көмекке жүгінуге кеңестер берілді.