"Сырғалым" қыз балалар клубының отырысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 19 қаңтарында "Бой түзеу, әуелі ой түзеу" тақырыбында лицей-интернаттың үйден қатынап оқитын қыз балаларымен "Сырғалым" қыз балалар клубының отырысы өтті.
📝Күн тәртібінде "Қыз бала гигиенасы" және "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" мәселелері қаралды.
✅ "Сырғалым" қыз балалар клубының жетекшісі К.Нугманова, лицей-интернат дәрігері М.Құттыбаева, педагог-ұйымдастырушы Г.Имангалиева, психолог М.Истигулова бүгінгі отырыста қыз бала гигиенасы, ерте жүктілік және одан қорғану туралы өзара пікірлесу жүргізді. Тақырыпқа сәйкес бейнебаяндар көрсетіліп, қыз бала тәрбиесі туралы кеңестер берілді.