"Құрбан болмаудың жолдары" психологиялық ағарту жұмысы

🌀Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың ақпан айының 7-13 аралығында лицей-интернат оқушыларына "Құрбан болмаудың жолдары" тақырыбында психологиялық ағарту жұмысы өтілді.
📝Психологиялық ағартудың мақсаты: адамзатқа, қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы ақпараттандыру, өз – өзін қорғай білуге, зиянды заттардан аулақ болуға, құрбан болмаудың жолдарын ұғынуға шақыру, жақсы өмір сүруге бағыттауды қамтыды.
✅Оқушылар «Темекі», «Ішімдік пен маскүнемдік», «Нашақорлық» және «Діни терроризм мен экстремизмге қарсы күрес» тақырыптарында топтық жұмыс жасады.
✅Ағарту жұмысы аясында «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір!» деген түйінмен зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын қалыптастыру басты міндет екені дәріптелді.