Мектепішілік әдістемелік кеңес

❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 12 сәуірінде мектепішілік әдістемелік кеңес өтті.
📝Мақсаты: әдістемелік жұмыстар барысында педагогикалық ұжымды оқу-әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру.
✅Әдістемелік кеңес аясында:
- "Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі" /Е.Хайрулла, Г.Елманова-көркем еңбек пәні мұғалімдері/,
-"Трансцендентті сандар және оларды қолдану"/А.Биржанова- математика пәні мұғалімі/,
- "Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, тәрбиеленушілер мен класс жетекшілердің қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері"/Б.Айетова-педагогика және психология бірлестігінің жетекшісі,
- "Лицей-интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді өткізудің маңызы"/Р.Туреханова-интернат меңгерушісі/ өз іс-тәжірибелерінен жұмыстар көрсетті және кеңес соңында психолог М.Истигулова
- "Мұғалім-мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
✅Оқу әдістемелік сүйемелдеуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығы айқындалып, кеңестің аясында өткен мәселелер бойынша шешім қарастырылды.