Облыс бойынша үздік, шығармашыл психологтердің шебер-класы

2023 жылдың ақпан айының 22 жұлдызында "Ақтөбе-Дарын" облыстық ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен облыс бойынша үздік, шығармашыл психологтердің озық тәжірибесін тарату мақсатында шебер- класс өтті. Республикалық педагогикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары, облысқа танымал үздік психологтер "Жаңаша форматта ата-аналарға психологиялық кеңес беру", "Ата-аналар мен балалардың өзара тиімді қарым-қатынас құруы", "Өмірлік және кәсіби мотивация", " Смарт педагог- цифрлы әлем", "БалаЛогия. Баланың "Vibe" әлемі" тақырыптарында дәріс айтып, түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Аталған шебер-класта лицей-интернатынымыздың психологі М.К.Истигулова озық іс-тәжірибелерінен жұмыс көрсетті. Шебер-класс жоғары деңгейде өтілді.