"Жетістікке жетуде эмоционалды интеллектінің маңыздылығы және дамыту жолдары" облыстық семинар-практикум

✅ Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық- әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 7 сәуір күні педагог-психологтарға арналған "Жетістікке жетудегі эмоционалды интеллектінің маңыздылығы және дамыту жолдары" тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
????Семинар мақсаты жеке тұлғалардың эмоционалды тұрақтылығын, танымдық және ішкі сезімдерін тану, басқара алуға дағдыландыру бағытын қамтыды.
✅Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры м.а. Ж.Б.Скакова, психологиялық - әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, магистр М.К. Жұбандықова ашып, облыстық мамандандырылған лицей-интернат психологтары А.У.Музеева, К.К.Жантикенова, М.К.Истигулова және әлеуметтік педагог Г.А.Нугыманова өз іс-тәжірибелерінен үздік жұмыстарымен жалғастырды. Аталған семинар-практикум жылма жыл дәстүрге сай ұйымдастырылып келеді.
????Семинар-практикум аясында "Ноталы есімдер", "Стеникалық сезімдер", "Ноталы есімдер және сезім толқыны", "Ритмдегі батырма басқыштары", "Классикалық музыкаға КРУИЗ" тренингтері мен жаттығулары жүргізіліп, "Тікток" рефлексиясымен кері байланыс жасалды.
????Воркшоп форматында ұйымдастырылған семинар қатысушыларға жоғарғы көңіл-күй мен жарасымды қарым-қатынас және жаңашылдықпен бірге, психологиялық жағдайды позитивті өзгертуге, эмоционалды тұрақтылыққа, ішкі сезімдерін тануға, басқара алуға мүмкіндік берді.
✅ Семинар-практикум соңында кері байланыс арқылы өтілген жұмыстарға жоғары баға беріліп, "Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді" тақырыбында әдістемелік құрал таратылып, қатысушыларға сертификат табысталды.