Психологиялық қызмет жаңалықтары
9 класс оқушылары үшін кәсіби бағдар беру диагностикасы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 02 Қазан 2024
-
Қаралды: 38
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының «Мамандығым-болашағым» жобасы және Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы "Болашаққа жолдама" облыстық кәсіби бағдар беру жобасы аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қазан айының 1 жұлдызында 9 сынып оқушылары Edunavigator.kz платформасы арқылы кәсіби бағдар беру диагностикасынан өтті.
❇️Бұл платформа оқушының архетипіңе сәйкес Қазақстанның оқу орындарында мамандық пен оқу бағдарламасын таңдайтын кәсіби бағдар беру платформасы.
❇️Кәсіби бағдар беру тестілері халықаралық ғылыми әдістемелерге сәйкес құрастырылған.
❇️Аталған диагностикалық жұмысты оқу ісінің орынбасары К.Ж.Кулымов, психолог М.Истигулова ұйымдастырды.
❇️Диагностика арқылы оқушылар болашақтағы кәсіптік бағыттарын анықтады.