Психологиялық қызмет жаңалықтары
"Сырғалым" қыздар клубы, "Үлгілі үйдің қыздары" тақырыбында қыз балалар жиналысы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 02 Сәуір 2024
-
Қаралды: 171
Ақтөбе облыстық білім басқармасының білім алушылардың жыныстық тәрбиесі бойынша онкүндік шарасы аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың сәуір айының 2 жұлдызында "Сырғалым" қыздар клубының "Үлгілі үйдің қыздары" тақырыбында 8-10 сынып қыз балаларына жиналыс өтті.
????Мақсаты: қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
Күн тәртібінде:
- "Өмір балансы" жиналыстың ашылуы/"Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі К.Нугманова/,
- "Ерте жүктіліктің қауіп-қатері" гинеколог- мамандар кеңесі/Б.Ә.Ділманова, А.Б.Тулегенова/,
- "Қыз балалар гигиенасы"/А.К.Дильжанова дәрігер Г.К.Шаукенбаева медбике/,
- "Ерте жүктіліктің алдын алу және жыныстық қол сұғылмаушылық" бейнебаян көрсетілімі/Г.Имангалиева - әлеуметтік педагог/,
- "Үлгілі үйдің қыздары" психологиялық ағарту жұмысы/М.Истигулова - психолог/ ұйымдастырылды.
- Мамандар СӨСҚ гинеколог- маманы Б.Ә.Ділманова, #6 қалалық емхана дәрігері А.Б.Тулегенова, лицей-интернат дәрігері А.К.Дильжанова, медбике Г.К.Шаукенбаева қыз балаларға ерте жүктіліктің салдары, ағзаға қаупі, жыныстық қол сұғылмаушылық, қыз балалардың гигиенасы туралы, ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы толық түсіндіріліп, бейнебаян көрсетіліп, тренинг арқылы талқыланды.