Облыстық семинар-практикум: "Саналы мотивация. Қажеттілік. Іс-әрекет"

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында облыстық мамандандырылған лицей-интернат психологтарының іс - тәжірибесінен «Саналы мотивация. Қажеттілік. Іс - әрекет» тақырыбында облыстық онлайн семинар – практикум өтті.
📝Семинар-практикумның алғы сөзін Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директор орынбасары Д.К.Халетова ашты және психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі М.К.Жұбандықова семинарға модераторлық етті.


❇️Шара барысында:
- «Бүгінгі тұлға неге мотивацияға мұқтаж?» /А.У.Музеева, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының психологі/;
- «Мақсатқа жетудегі ұмтылысты ояту» /К.К.Жантикенова, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының психологі/;
- «Тұлғаның мотивациялық сферасы»/М.К.Истигулова, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының психологі/, тақырыптарында саналы мотивацияны дамытуға, өз кезеңінде алға дұрыс мақсат қоюға, сенімді болуға бағыттайтын практикалық тәжірибелі, сапалы жұмыстарын ұсынды.
❇️Семинар-практикум аясында қатысушылармен кері байланыс жасалып, бүгінгі семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына оң баға беріліп, әдістемелік құрал, электронды орта таратпа материалдары берілді.
Семинар-практикум қатысушыларына сертификат табысталды.