Психологиялық қызмет жаңалықтары
"Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді" 6-8 класс қыз балаларымен кездесу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 18 Қыркүйек 2024
-
Қаралды: 49
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 18 жұлдызында "Сырғалым" қыздар клубы жоспарына сәйкес "Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді" тақырыбында қыз балалармен кездесу өтілді. 📝Мақсаты: "Сырғалым" қыздар клубының мақсатымен таныстыру, қыз бала гигиенасы, физиологиялық даму ерекшеліктері туралы түсіндіру, ерте жүктіліктің алдын алу, қыз балалардың жүріс-тұрыс әдебін сақтау, қазақ қызына лайық болуға үйрету. ❇️Кездесу барысында лицей-интернат дәрігері Г.С. Есмагамбетова "Қыз бала гигиенасы және физиологиялық жетілу ерекшеліктері"; -интернат меңгерушісі А.Б. Ахметова "Қыз балалардың интернат ішіндегі жүріс-тұрыс әдебі" -әлеуметтік педагог Г.Ж.Имангалиева "Мектеп формасының сақталуы мен ішкі тәртіп"; -психолог М.К.Истигулова "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыптарында қыз балаларға кеңес өткізді. ✅Кездесу соңында қыз балалармен кері байланыс жасалып, бүгінгі қозғалған тақырыптар кеңірек талқыланды.