"Жаңа орта-жаңа таныстық!" психологиялық тренинг

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 9-10 жұлдызында 6 "А,Б" класс оқушыларымен "Жаңа орта-жаңа таныстық!" тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
📝Мақсаты: оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне мүмкіндік беру, өзіндік жеке тұлғалық ерекшеліктері мен бойларындағы жақсы қасиеттерді тану, достық қарым-қатынасты нығайту.
❇️Тренингке 6 "А" класс кураторы С.Абдуллина қатысты.
Тренинг аясында оқушыларда бірлесіп жұмыс жасау, жақсы қарым-қатынас пен көңіл-күй, өз бойларындағы тұлғалық қасиеттерді танып, өзара достық ниет пен жағымды атмосфера қалыптасты.