Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиада кезіндегі психологиялық қолдау
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 30 Қазан 2024
-
Қаралды: 287
29-30.10.2024 жылы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі өтті. 7 ауданнан оқушылар келді.
❇️29 қазан күні Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар,Хромтау аудандарының оқушылары “Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатына”, “М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатына” және “Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған Білім-инновация лицей- интернаттарына” орналастырылды.
❇️Оқушыларға “Сенімділік күш береді” атты психологиялық тренинг және "БӘРІМІЗДЕ МАҚСАТ БІР!" атты тимбилдинг өтті.
❇️Мақсаты: Олимпиадаға қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, психологиялық көңіл-күйді көтеру, ұжымдық бірлікті нығайту, алға қойған мақсатқа жетуге сенімділігін арттыру. ❇️Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен қатысты.
Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы-ғажайып ел!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 24 Қазан 2024
-
Қаралды: 420
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 25 қазан-Республика күніне орай "Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы-ғажайып ел! " атты мерекелік концерті 8 және 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты өз Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынан мақтаныш етуге тәрбиелеу. Кеште лицей-интернат директоры К. Е. Тлеумагамбетова құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. 8,9 сынып өнерпаздары әннен жыр арнап, тамылжыта би биледі.Күмбірлете ойнаған күй, терме жаныңа тыныштық береді.Нақышына келтіріп, мәнерлеп мерекеге арналған өлеңдер оқылды. Ұйымдастырушы тәрбиешілер: А. Кушикбаева, Ж. Кулмуханбетова.
"НЕЙРОЖАТТЫҒУЛАР", "ШУЛЬТЕ КЕСТЕСІ", "СТРУП-ТЕСТ" психологиялық дамыту сабағы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 18 Қазан 2024
-
Қаралды: 377
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қазан айында 6"А, Б" класс оқушыларына таным үрдістерін жетілдіруге бағытталған "НЕЙРОЖАТТЫҒУЛАР", "ШУЛЬТЕ КЕСТЕСІ", "СТРУП-ТЕСТ" психологиялық дамыту сабағы өткізілді.
????Мақсаты: ауқымды көру техникасын және ес, зейін, қабылдау және ақыл-ойды дамыту.
❇️Оқушылар жаттығуларды үлкен қызығушылықпен орындады, барлық берілген тапсырмаларға өте жоғары белсенділікпен қатысты, танымдық үрдістерін: ес, зейін, қабылдау, ойлауды дамытуға мүмкіндік алды.
"Relax day" арттерапия
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 18 Қазан 2024
-
Қаралды: 319
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қазан айында 6"А","Б" класс оқушыларына ""Relax day" тақырыбында арттерапия өтті.
????Мақсаты: оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өзара әрекеттесудің топтық және тұлғааралық қарым-қатынастарын нығайту, ішкі жан әлемінің үйлесімді дамуын және шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту.
❇️Оқушылар ұйымдастырылған арттерапияға өте жоғары белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.
❇️Арттерапия арқылы оқушыларда жағымды көңіл-күй қалыптасып, жасаған жұмыстарына көңілдері толып, бір-біріне қолдау, ризашылық білдірді және топта өзара бірлескен қарым-қатынас нығая түсті.
9 класс оқушылары үшін кәсіби бағдар беру диагностикасы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 02 Қазан 2024
-
Қаралды: 320
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының «Мамандығым-болашағым» жобасы және Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы "Болашаққа жолдама" облыстық кәсіби бағдар беру жобасы аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қазан айының 1 жұлдызында 9 сынып оқушылары Edunavigator.kz платформасы арқылы кәсіби бағдар беру диагностикасынан өтті.
❇️Бұл платформа оқушының архетипіңе сәйкес Қазақстанның оқу орындарында мамандық пен оқу бағдарламасын таңдайтын кәсіби бағдар беру платформасы.
❇️Кәсіби бағдар беру тестілері халықаралық ғылыми әдістемелерге сәйкес құрастырылған.
❇️Аталған диагностикалық жұмысты оқу ісінің орынбасары К.Ж.Кулымов, психолог М.Истигулова ұйымдастырды.
❇️Диагностика арқылы оқушылар болашақтағы кәсіптік бағыттарын анықтады.






