"Тамшы" арт-терапиясы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 28 Қараша 2022
-
Қаралды: 26
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей - интернатында 2022 жылдың қараша айында 8-11 класс оқушылары арасында "Тамшы" арттерапиясы өтілді.
📝Мақсаты: ішкі жан әлемінің үйлесімді дамуын реттеу, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру.
📝Жүргізілген жұмыс оқушыларға көңіл – күйдің реттілігін сақтауға, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыруға, өзінің ішкі жандүниесін ашуға, эмоциялық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
"ҚҰПИЯ ДОС" АКЦИЯСЫ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 25 Қараша 2022
-
Қаралды: 47
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 21-25 аралығында 6-11класс арасында "Құпия дос" акциясы өтілді.
📝Акция мақсаты: жарқын жүзді көңіл-күй сыйлау, достық қарым-қатынасты, өзара ынтымақтастықты жоғарлату.
💠Акцияны ұйымдастырушылар: лицей парламенті "Бақыт" фракциясының көшбасшылары: Исаева Айша, Айтбай Алтынгүл, Жанаева Дильнара және психолог М.Истигулова.
💠Ұйымдастырылған "Құпия дос" акциясы аясында оқушылар өз туынды-сыйлықтарын құпия түрде достарына ұсынып, өзара достық қарым-қатынасты жетілдіріп, көңіл-күйдің жоғары болуына ат салысты.
💠Лицей - интернат оқушылары акцияға үлкен белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ІІ БӨЛІМ.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 20 Қараша 2022
-
Қаралды: 39
🔊"Жалпы адамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі" тақырыбындағы сынып аралық ата-аналар жиналысының екінші бөлімі сынып тәрбиешілерімен жалғасты.
Жиналысқа 6-11 кластардан барлығы 147 ата-ана қатысты.
🔊Жиналыстың күн тәртібі бойынша төмендегідей мәселелер қарастырылды:
❗1. 2022-2023 оқу жылындағы І тоқсан бойынша білім сапасының қорытындымен таныстыру.
❗2.Оқушылардың өмір қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу.
❗3."Жалпы адамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі" тақырыбында баяндама.
❗4. "Идеялды үй" психологиялық тренингі.
❗5. Кері байланыс.
❗6. Әртүрлі мәселелер.
Ашық есік күні ұйымдастырылды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 20 Қараша 2022
-
Қаралды: 34
🔊Ағымдағы жылдың 18 қараша күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында ата-аналар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.
🔊Ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, балаларының әр пән бойынша үлгерімдерін мұғалімдердің өз ауыздарынан естуге мүмкіндік алды.
🔊Ашық есік күнін өткізуге ЛИЦЕЙ ПАРЛАМЕНТІ ықпал жасап, ата-аналарды күтіп алу, оларды тіркеу, жиналыс өтетін кабинеттерге нұсқау көрсету сияқты жұмыстарды өзара бөлісіп, кезекшілік атқарды. Лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ауызбіршілікпен атқарған жұмысына ата-аналармен бірге лицей әкімшілігі де өз ризашылықтарын білдірді.
"Өмірді бағала!" атты психологиялық ағарту жұмысы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 20 Қараша 2022
-
Қаралды: 42
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айында "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" атты құқықтық онкүндік аясында 10 "Б" класында "Өмірді бағала!" атты психологиялық ағарту жұмысы класс тәрбиешісі З.Бекмагамбетова мен психолог М.Истигулованың ұйымдастыруымен өтті.
📝Мақсаты: оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру, балалардың өмірге деген қызығушылығын ояту.
✅Ағарту жұмысы аясында өмір және өмірдің мәні, өмірдегі кездесетін жағдайлар, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың салдары және қылмыстық жауаптылық туралы кеңінен түсіндіріліп, оқушылармен кең көлемде пікірлесу өтті.
✅Ағарту жұмысынан оқушылар өмір адамға маңызды және адамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілетінін, тұлға ретінде құқықтық жауапкершілікті сезініп, өмірді бағалау керек екенін ұғынды.