№1 педагогикалық кеңес
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 29 Қыркүйек 2025
-
Қаралды: 444
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың 29 тамыз күні «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
📚Педагогикалық кеңеске Ақтөбе облысы бойынша "Өрлеу" Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі Асанбай Бадигуль Зейнуллаевна, лицей-интернат әкімшілігі, лицей-интернат педагогтары қатысты. Толығырақ: №1 педагогикалық кеңес
6"А" класс "Hello, жаңа әлем!" танысу тренингі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 18 Қыркүйек 2025
-
Қаралды: 436
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың қыркүйек айының 18 жұлдызында жаңадан қабылданған 6 "А" класс оқушыларына арналған «Hello, жаңа әлем!» атты психологиялық тренинг өтті.
📝Тренинг мақсаты: оқушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуына, өзара сенім мен достық қарым-қатынасты нығайтуына жағдай жасау.
❇️Тренинг барысында оқушылар түрлі қызықты ойын-жаттығуларға қатысты. «Айнадағы мен» ойынында әркім өзін жаңа қырынан таныстырса, «Энергия үштігі» сергіту сәтінде көңілдері көтеріліп, белсенділік танытты. Ал «Көңілді театр» ойыны шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталып, оқушыларға күлкі мен қуаныш сыйлады. «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» жаттығуы арқылы әр оқушы өз артықшылықтарын ашып көрсетіп, өзгелердің жақсы қасиеттерін аңғарды.
❇️ Жалпы тренинг оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, жақсы атмосфера мен достықты орнатуға ықпал етті.
❇️Ұйымдастырушы: психолог М.Истигулова. Тренингке 6 "А" класс тәрбиешісі Г.Елманова қатысты.
«БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» вебинар
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 12 Қыркүйек 2025
-
Қаралды: 422

Ағымдағы жылдың 12 күні буллингтің алдын алу мақсатында «БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбында педагогтерге вебинарды психолог М.К.Истигулова өткізіп, кең көлемде кейс, жағдаяттар арқылы талқыланып, тиімді шешімдер жолдары қарастырылып, «Халықаралық көмек сұрау белгілері» атты бейнеролик көрсетілді және баланың қауіпсіз дамуына ықпал ететін педагогикалық қолдау тетіктері айқындалды.
№1 ата-аналар отырысы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 12 Қыркүйек 2025
-
Қаралды: 431
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні «АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» тақырыбындағы сыныптардың ата-аналар комитеті төрайымдары мен «Әкелер кеңесі» төрағаларының және сынып тәрбиешілерінің 1 отырысы өтті.
❇️Отырысты лицей-интернат директоры К.Тлеумагамбетова сыныптар бойынша сайланған ата-аналар комитеттерінің төрайымдары мен әкелер кеңесінің төрағаларына жұмыстарына сәттілік тілеумен ашып берді.
Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
"Қыздарға әсемдік жарасады" дөңгелек үстел
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 10 Қыркүйек 2025
-
Қаралды: 434
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың 10 қыркүйегінде "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыбында 8-11 класс қыз балаларына арналған дөңгелек үстел өтті.
📝Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.❇ "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі Нугманова Кенжеш Курметовна қыздармен жұмыстың жылдық жоспарымен таныстырды.
❇ "Жасдәурен" жастар денсаулық орталығы мамандары: акушер-гинеколог Мұқанбет Салтанат Нурланқызы, психолог Алиева Әсем Ерланқызы, №6 қалалық емхана СӨСҚ маманы Ділманова Бағдагул Әбутәліқызы ерте жүктіліктің салдары туралы қыздармен кең көлемде ой бөлісті. Олар жасөспірімнің денсаулығына зиян, психологиялық күйзеліс, білім алу мен болашақ арман-мақсаттарына үлкен кедергі болатынын нақты мысалдармен түсіндірді.
❇ Әңгіме барысында лицей-интернат дәрігері Есмагамбетова Гульмира Сагидуллаевна, медбике Шаукенбаева Гулзада Калкабаевна қыздарға салауатты өмір салтын ұстанудың, жеке гигиена сақтаудың, бейәдеп қылықтардан бойларын сақтаудың, жауапкершілікті сезінудің және өз болашағына сеніммен қараудың маңызы ерекше екенін атап өтті.❇ Дөңгелек үстел аясында психолог Истигулова Мейрамгул Кантарбаевна, әлеуметтік педагог Имангалиева Гулнар Жонысовна "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыбында қыздарға кеңес берді.



