ЖҮРЕКТІ ТЕБІРЕНТКЕН "АЙНАЛАЙЫН"
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 20 Қараша 2022
-
Қаралды: 48
⚜️«Театр және балалар» жобасы аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушылары Т.Ахтанов атындағы драма театрына барды.
⚜️Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының кезекті премьерасы Барзу Абдуразаковтың "Айналайын" атты драмасынан оқушылардың алған әсері ерекше. Спектакль барысында ананың жоғары лауазымды баласына тек қана телефон арқылы сөйлесуі, ал оның оғаш сөздері мен қылықтары үшін ренжімей, қайта тілеуін тілеп, шексіз мейіріміне бөлеп, жалғыздықтан жапа шеккен ананың сүйініші мен күйінішін сездіріп, оқушылардың көзіне үйірді.
⚜️Ананың ролін сомдаған театр актрисасы, Мәдениет саласының үздігі Майра Илиясованың баласына деген шексіз сүйіспеншілікке толы образы қойылымда шеберлікпен көрініс тауып, көрермендерді қатты тебірентті. Ал баласының роліндегі жас актер Рахат Төрежанов сөзсіз, кейіпкерін сәтті сомдап шықты. Спектакльде ананың өзіне тән қасиетті бейнесі тереңдікпен жеткізілген.
⚜️Бұл қойылымның көрерменге, әсіресе жастарға берер тәрбиелік мәні зор. Баласына ғана арналған мейірімге толы ғұмыры арқылы ана махаббаты суреттелген.
"ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МІНДЕТ" ОНКҮНДІГІ.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 20 Қараша 2022
-
Қаралды: 32
Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 9”Б” сыныбында “Жасөспірім. Құқықбұзушылық. Жауапкершілік” тақырыбындағы тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына Әкелер кеңесінің мүшесі, құқық қорғау саласының зейнеткері, полиция полковнигі Айтпаганбетов Ерболат Шалтайович қатысты. Оқушыларға тәртібі мен оқуына мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға болатындығы жөнінде мағлұматтар берді.
Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасына экскурсия жасады
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 20 Қараша 2022
-
Қаралды: 34
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 9 “А” сынып оқушылары “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасына экскурсия жасады.
“Сұрақ-жауап” айдары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 20 Қараша 2022
-
Қаралды: 39
15 қараша - Ұлттық валюта күні аясында Мектеп Парламенті ұйымдастырған “Сұрақ-жауап” айдары.
Ата-аналарға "Идеалды үй" психологиялық тренингі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 18 Қараша 2022
-
Қаралды: 38
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 18 жұлдызында отбасының физиологиялық және психологиялық қауіпсіздік, сүйіспеншілік пен сыйластық деңгейлерін, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін бағалау және жетілдіру мақсатында ата-аналар жиналысында ата-аналарға "Идеалды үй" психологиялық тренингі өтті.
✅Психологиялық тренинг ата-аналарға отбасының және өз мүмкіндіктерін бағалауға, әрі қарай жетілдіруге ықпал етті, жағымды атмосфера сыйлады.