Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы-ғажайып ел!

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 25 қазан-Республика күніне орай "Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы-ғажайып ел! " атты мерекелік концерті 8 және 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты өз Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынан мақтаныш етуге тәрбиелеу. Кеште лицей-интернат директоры К. Е. Тлеумагамбетова құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. 8,9 сынып өнерпаздары әннен жыр арнап, тамылжыта би биледі.Күмбірлете ойнаған күй, терме жаныңа тыныштық береді.Нақышына келтіріп, мәнерлеп мерекеге арналған өлеңдер оқылды. Ұйымдастырушы тәрбиешілер: А. Кушикбаева, Ж. Кулмуханбетова.