"Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді" 9-11 класс қыз балаларымен кездесу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 19 Қыркүйек 2024
-
Қаралды: 58
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей- интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 19 жұлдызында "Сырғалым" қыздар клубының жоспарына сәйкес 9-11 класс қыз балалары арасында "Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді" тақырыбында қыз балалармен кездесу өтілді.
????Мақсаты: "Сырғалым" қыздар клубының мақсатымен таныстыру, қыз балаларға гигиеналық тазалықты дұрыс сақтауға үйрету, өз бойларын және ой-танымын дөрекіліктен сақтандыру, ерте жүктіліктің және жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу, жүріс-тұрыс әдебін сақтауға, инабатты, тәрбиелі, білімді қыз болып өсуге баулу.
❇️Кездесу аясында
- "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі К.К.Нугманова "Сырғалым" қыздар клубының жұмыс жоспары мен мақсатымен таныстыру,
- лицей-интернат дәрігері Г.С. Есмагамбетова "Қыз бала гигиенасы және физиологиялық жетілу ерекшеліктері" , Ерте жүктіліктің және жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу",
- интернат меңгерушісі А.Б. Ахметова "Қыз балалардың жүріс-тұрыс әдебі", "Мектеп формасының сақталуы",
- психолог М.К.Истигулова "Қыздарға әсемдік жарасады", "Лицейішілік тәртіпті сақтау" тақырыптарында қыз балаларға кеңес өткізді.
✅Кездесу аясында тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетіліп, кеңінен талқылау жасалды, қыз балалардың тәрбиелі, білімді, озық ойлы болуы өз қолында екені түсіндірілді.