Психологиялық қызмет жаңалықтары
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиада кезіндегі психологиялық қолдау
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 30 Қазан 2024
-
Қаралды: 64
29-30.10.2024 жылы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі өтті. 7 ауданнан оқушылар келді.
❇️29 қазан күні Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар,Хромтау аудандарының оқушылары “Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатына”, “М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатына” және “Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған Білім-инновация лицей- интернаттарына” орналастырылды.
❇️Оқушыларға “Сенімділік күш береді” атты психологиялық тренинг және "БӘРІМІЗДЕ МАҚСАТ БІР!" атты тимбилдинг өтті.
❇️Мақсаты: Олимпиадаға қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, психологиялық көңіл-күйді көтеру, ұжымдық бірлікті нығайту, алға қойған мақсатқа жетуге сенімділігін арттыру. ❇️Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен қатысты.