Дауыс берушілердің 46 % өз таңдауларын жасады
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 02 Қазан 2023
-
Қаралды: 1
Лицей Президенті сайлауына оқушылармен қатар лицей мұғалімдері және қызметкерлері де белсенді қатысуда. Сайлау комиссиясының ақпараты бойынша сайлау науқаны басталған уақыттан дауыс берушілердің 46 % өз таңдауларын жасаған.
Сайлау аяқталды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 29 Қыркүйек 2023
-
Қаралды: 1
Сайлау аяқталды. Сайлау комиссиясы мен бақылаушылар дауыс беру қорытындысын шығару үшін бюллетендерді санау жұмысын бастады. Сайлау комиссиясының алдын ала есебі бойынша дауыс берушілердің 83,3% өз таңдауларын жасап, сайлауға қатысқан. Сайлау қорытындысы ертең яғни 30 қыркүйек күні лицейдің әлеуметтік желісінде жарияланады.
Лицей Президенті сайлауының қорытындысын жарияланды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 29 Қыркүйек 2023
-
Қаралды: 1
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 29 қыркүйек күні өткізілген Өзін-өзі басқару үкіметінің кезекті Лицей Президенті сайлауының қорытындысын жариялайды.
⚜Сайлау қорытындысы бойынша сайлауға қатысушылардың 29,6% дауысын жинаған 10 "А" сынып оқушысы ҚОЙШЫБАЙ ӘБДІРАХМАН лицей президенті болып сайланды.
⚜Президентті ұлықтау салтанатты жиыны қазан айында өтетін Республика күніне жоспарлануда.
2023-2024 оқу жылына арналған оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Лицей Президенті сайлауы өтуде
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 28 Қыркүйек 2023
-
Қаралды: 1
❗️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023-2024 оқу жылына арналған оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Лицей Президенті сайлауы өтуде. ❗️Сайлау таңертеңгі сағат 8:00-де мемлекеттік гимінді орындаумен және лицей-интернат директоры Карагөз Енсегеновнаның құттықтауымен басталды. ❗️Өзін-өзі басқару ұйымы үшін маңызды науқанда алғашқылардың қатарында президенттікке ұсынылған үміткерлер өз дауыстарын берді. ❗️Сайлау процесінің тәртіпке сай әрі әділ өтуін қалағалау үшін бақылаушылар жұмыс жасауда.
Берекелі отбасы-болашақтың кепілі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 16 Қыркүйек 2023
-
Қаралды: 8
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылы 10 қыркүйек Отбасы күніне байланысты 6 "А" класс оқушыларына "Берекелі отбасы-болашақтың кепілі" тақырыбында психологиялық жұмыс өтілді. 📝Мақсаты: жанұядағы ата-ана, отбасы мүшелерімен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-анаға, отбасы мүшелеріне деген бала махаббатын жеткізу. 💠Аталған жұмыс барысында класс тәрбиешісі К.Қ.Жазықбаева лицей психологымен бірлесе жұмыс жасады. 💠Ұйымдастырылған жұмыс аясында балалардың ата-ана, отбасы мүшелеріне деген ыстық ықыласы, бала жанарынан қуаныш, отбасы ол үшін ең үлкен қолдаушы, мақтанышы екені көрінді, балалар ерекше көңілді әсер алды, көңіл-күйдің жайлылығы сезілді.