Президент шыршасына қатысты
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 27 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 31
"ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА АРМАН!"
🌲Бүгін Өнер орталығында «Қош келдің Жаңа Жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды.
🌲Елімізде ең бірінші Президент шыршасы 1995 жылдың 29 желтоқсанында бастау алған. Бүгінгі күнге дейін дәстүрлі түрде атаулы мереке жыл сайын ұйымдастырылуда.
🌲Мереке аясында Облыс әкімі Ералы Тоғжанов балаларды мерекемен құттықтап, тәтті сыйлықтар табыстап, әр балаға 100 000 теңге көлемінде сертификаттар табыстады.
🌲Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушыларыда Президент шыршасына қатысты.
6 класс-Канатова Наргиз
7 класс-Сайман Азат
8 "А" класс-Муапықова Фатима
8"Б" класс-Имантай Медина
8"Б" класс-Сұлтанғали Мирас
Тәтті сыйлықтарын тарту етті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 27 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 34
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Толығырақ: Тәтті сыйлықтарын тарту еттіКонкурс жариялайды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 23 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 42
Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 33
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбындағы танымдық конференциясын Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есенғұл Сәтбек Аманбайұлы ашып берді, конференция бағдарламасы бойынша С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Хакимова Сұлушаш Максимовна мерекемен құттықтады.
«Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» тақырыбында облыстық маслихат депутаты, «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жанша Бақытхан Құрманқызы сөз алды. Желтоқсан оқиғасының куәгері көзімен көрген тарихи оқиға туралы тағылымды әңгімесімен бөлісті, оқушылар ерекше әсер алды.
Лицей-интернаттың тарих пәнінің мұғалімі Салтанат Қуандыққызы «Желтоқсан оқиғасы-демократия жаршысы» тақырыбында баяндама жасады.
«Мен – Тәуелсіздік құрдасымын!» тақырыбында лицей-интернат тәрбиешілері Толғанай Анарбековна мен Айсұлу Куандыковна конференцияға қактысушыларға викториналық сұрақтар қойды.
«Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар» тақырыбында лицей-интернаттың биылғы жылғы түлегі, 11 «А» класс оқушысы Жеткерген Шапағат болашақтағы жоспарымен бөлісіп, тілегін білдірді.
«Тәуелсіздікке тарту» бөлімінде лицей-интернаттың 6 класс оқушысы Қайырхан Дильназ, 7 класс оқушысы Жайылхан Айжүрек, 9 «Б» класс оқушылары Әбділлә Ершат пен Мұхтар Ерасыл белгілі қазақ ақындарының желтоқсан туралы, тәуелсіздік туралы шығармаларын оқыды. Ал, 8 «А» класс оқушысы Әділхан Бейімбет «» атты жүрек жарды туындысын жиналған жұртшылық назарына паш етті.
Кітапхана қызметкері Аленова Мадина «Желтоқсан - тәуелсздік бастауы» атты кітап көрмесін дайындап, библиографиялық шолу жасады.
Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 15 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 32
Ақтөбе облыстық білім басқармасының 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша әзірлеген іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты 12 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында танымдық конференциясын өткізді.
Конференцияға «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінен арнайы қонақтар шақырылды. Конференцияға қатысқан «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, облыстық маслихат депутаты, желтоқсан оқиғасының куәгері Бақытхан Құрманқызы «Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» тақырыбында баяндама жасады. Танымдық конференцияға қатысушылар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалады. Сонымен бірге физика-математикалық лицей-интернатының ұстаздар мен оқушылары дайындаған «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбындағы шараның куәгері болды.
Конференцияға қатысушы оқушылар «Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар» ұранымен шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды, қонақтармен естелік фотоға түсті.