ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың мамыр айының 23 күні педагогикалық кеңес өтті.
📝Күн тәртібінде:
- Оқу жылы бойынша оқу-тәрбие жұмысының есебі.
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен белгіленген бағдарламалық материалдың көлемі мен сапалылығының орындалуын бақылау/оқу ісінің орынбасары К.Ж.Кулымов/,
- ІҮ тоқсан және жылдық қорытынды бойынша білім сапасының нәтижесі. "Алтын белгі", "Үздік аттестатқа" үміткер оқушыларды ұсыну/оқу ісінің орынбасары К.Ж.Кулымов/,
- "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 2024-2025 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі/тәрбие ісінің орынбасары С.А.Есенғұл/,
- Жазғы демалыстың ұйымдастырылу жоспарын таныстыру,
❇️Ағымдағы мәселелер бойынша кәсіподақ жетекшісі Н.Б.Бейсова қызметкерлердің еңбек демалысы туралы және психолог М.Истигулова "Сақшыларды оқыту" туралы ақпарат беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
❇️Педагогикалық кеңес соңында күн тәртібіндегі мәселелері бойынша оң шешімі шығарылды.