Психологиялық қызмет жаңалықтары
"Қыздарға әсемдік жарасады" дөңгелек үстел
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 10 Қыркүйек 2025
-
Қаралды: 2
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың 10 қыркүйегінде "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыбында 8-11 класс қыз балаларына арналған дөңгелек үстел өтті.
📝Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.❇ "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі Нугманова Кенжеш Курметовна қыздармен жұмыстың жылдық жоспарымен таныстырды.
❇ "Жасдәурен" жастар денсаулық орталығы мамандары: акушер-гинеколог Мұқанбет Салтанат Нурланқызы, психолог Алиева Әсем Ерланқызы, №6 қалалық емхана СӨСҚ маманы Ділманова Бағдагул Әбутәліқызы ерте жүктіліктің салдары туралы қыздармен кең көлемде ой бөлісті. Олар жасөспірімнің денсаулығына зиян, психологиялық күйзеліс, білім алу мен болашақ арман-мақсаттарына үлкен кедергі болатынын нақты мысалдармен түсіндірді.
❇ Әңгіме барысында лицей-интернат дәрігері Есмагамбетова Гульмира Сагидуллаевна, медбике Шаукенбаева Гулзада Калкабаевна қыздарға салауатты өмір салтын ұстанудың, жеке гигиена сақтаудың, бейәдеп қылықтардан бойларын сақтаудың, жауапкершілікті сезінудің және өз болашағына сеніммен қараудың маңызы ерекше екенін атап өтті.❇ Дөңгелек үстел аясында психолог Истигулова Мейрамгул Кантарбаевна, әлеуметтік педагог Имангалиева Гулнар Жонысовна "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыбында қыздарға кеңес берді.
