БОЛАШАҚҚА БАСТАУ!
 
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың 21 мамыр күні 11 "А,Б" класс оқушылары үшін "БОЛАШАҚҚА БАСТАУ!" тақырыбында тренинг өтті.
📝Мақсаты: түлектердің ҰБТ мен емтихан алдындағы күйзелісін жеңілдету, өз-өзіне сенімділікті арттыру, мотивация беру және жағымды көңіл-күй қалыптастыру, болашаққа бағыттау, лицей өмірінен жарқын да әдемі естеліктер қалдыру.
❇️Тренинг барысын лицей-интернат директоры К.Е.Тлеумагамбетова ашып, түлектерге үлкен өмірге басқан қадамдарына ақ жол тілеп, сәттілік тіледі.
❇️Оқушылар ұйымдастырылған тренингтер, жаттығулар, ойындарда белсенділік танытып, караокемен көңілді ән орындады.
❇️Тренинг соңында түлектерге жеміс-жидектермен пайдалы сый "Түлектер дәрумені" мен балмұздақ ұсынылды.
❇️Лицей Парламентімен бірге "КЕШЕ ОҚУШЫ, БҮГІН-ТҮЛЕК!" тақырыбындағы фотогалереяны көру ұсынылды.
❇️Тренингті ұйымдастырушылар: Тәрбие ісінің орынбасары С.А.Есенғұл, әлеуметтік педагог Г.Имангалиева, психолог М.Истигулова, 11"А" класс тәрбиешісі Г.Елманова, 11"Б" класс тәрбиешісі Р.Туреханова және Лицей Парламенті.