№1 ата-аналар отырысы

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні «АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» тақырыбындағы сыныптардың ата-аналар комитеті төрайымдары мен «Әкелер кеңесі» төрағаларының және сынып тәрбиешілерінің 1 отырысы өтті.
❇️Отырысты лицей-интернат директоры К.Тлеумагамбетова сыныптар бойынша сайланған ата-аналар комитеттерінің төрайымдары мен әкелер кеңесінің төрағаларына жұмыстарына сәттілік тілеумен ашып берді.
Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:


❗️Сыныптарда сайланған ата-аналар комитетінің төрайымдары мен «Әкелер кеңесі» төрағаларын бекіту туралы бұйрықпен таныстыру;
❗️«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналармен бірлесіп атқарылатын жұмыстар;
❗️«Бала қауіпсіздігі ата-ананың жауапкершілігінен басталады» белсенді ата-аналар тобының мектепте кезекшілік атқаруы;
❗️Міндетті мектеп формасының талаптарының орындалуы туралы мәселелер бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Есенғұл баяндама жасады.
❗️«Мектепке жол» акциясы бойынша көрсетілген демеушілік көмектер туралы әлеуметтік педагог Г.Имангалиева ақпарат берді.
❗️Буллингтің алдын алу және мұңдай жағдайда балаға қолдау көрсету бұл мәселе бойынша ата-аналарды буллингтің түрлерімен және белгілерімен таныстыру, баланың мінез-құлқы мен дүниетанымын қалыптастырудағы отбасының рөлін көрсету, баланы тиімді қолдау және буллингтің алдын алудың жолдарына үйрету мақсатында «ТӘРБИЕДЕГІ ҮШ Т:ТҮСІНУ, ТЫҢДАУ, ТОҚТАЛУ» және «БУЛЛИНГПЕН КҮРЕСТЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ» тақырыбында тренингті лицей психологі М.К.Истигулова өткізіп, кең көлемде кейс, жағдаяттар, тренинг арқылы талқыланып, тиімді шешімдер жолдары қарастырылып, «Халықаралық көмек сұрау белгілері» атты бейнеролик көрсетілді және баланың қауіпсіз дамуына ықпал ететін ата-аналық қолдау тетіктері айқындалды.
❇️Отырыстың соңында ата-аналар комитетінің төрайымы С.Байзақова ата-аналарды ауызбіршілікпен жұмыс жасауға шақырып, қорытынды қаулыны оқыды.