Мектептегі тамақтандыру
«Оқушы көзімен: құнарлы және дәруменге бай тамақтану» тақырыбында сауалнама қорытындысы бойынша хабарлама
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Мектептегі тамақтандыру
-
Жарияланды 11 Ақпан 2026
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2026 жылдың 2 –5 ақпан аралығында «Оқушы көзімен: құнарлы және дәруменге бай тамақтану» тақырыбында жүргізілген сауалнамаға 227 оқушы белсенді қатысып, сұрақтарға саналы әрі жауапкершілікпен жауап берді. Сауалнама нәтижелері оқушылардың дұрыс және құнарлы тамақтанудың денсаулыққа тигізер пайдасын жақсы түсінетінін көрсетті.
Оқушылардың басым бөлігі күнделікті рационында көкөніс пен жеміс-жидек тұтынатынын, таңғы ас ішудің маңызын білетінін және су ішудің денсаулыққа қажетті екенін атап өтті. Сонымен қатар, дәруменге бай тағамдардың иммунитетті нығайтудағы рөлін дұрыс бағалап, фастфуд пен тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтынудың зиян екенін түсінетінін көрсетті.
Сауалнама нәтижелері оқушылардың салауатты өмір салтына деген көзқарасы қалыптасқанын және тамақтану мәдениеті бойынша білім деңгейінің жеткілікті екенін айқындады. Бұл – лицей-интернатта жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау, профилактикалық және тәрбие жұмыстарының оң нәтижесі екенін дәлелдейді.
Алдағы уақытта оқушылардың дұрыс тамақтану дағдыларын одан әрі нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, сынып сағаттары мен тренингтерді жүйелі түрде жалғастыру ұсынылады.
Әлеуметтік педагог Г.Имангалиева сауалнаманы Google форм бағытында алды.









