Кинотерапия "Қызыл диплом"

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың қаңтар айының 29 жұлдызында 9 класс оқушыларына мамандық таңдауда бағдар беріп, үлкен өмірге дайындау мақсатында фильм режиссері Серік Таласовтың шынайы оқиғаға сүйенген "Қызыл диплом” толықметражды фильмі көрсетілді. ✅Басты кейіпкердің өз қалауынан тыс мамандықты таңдап, мамандықты таңдауда сәттілікке жетпегені, өзіне берілген мүмкіндікті елемей, түрлі қиындықтарға тап болуы, уақыт өте келе өз жүрек қалауымен қызығушылығын оятып, шебер маман болғаны шынайы суреттелген. ❇️Фильм соңында мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау негізінде оқушылармен кері байланыс жасалды. ❇️Ұйымдастырушылар 9 класс тәрбиешісі А.Кушикбаева және психолог М.Истигулова.