Жаңалықтар

Өзін-өзі басқару ұйымының "Бақыт" фракциясы ұстаздарға арнап “Jyly söz jandy jıbıter” атты бейнеклип дайындаған болатын. Мақсаты: Жылы,нәзік сөздермен баурап алу;ұстаздарға әсем күлкі сыйлау.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай 9 “А” , 9 “ Б” сынып оқушыларына Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары
дәрігер эпидемиолог А.Д.Тұрғынбаева , педагог М.К.Матаева “АИТВ, ЖИТС-ның таралуы және одан сақтану жолдары “ тақырыбында ақпараттық сабақ өткізді. Мақсаты: білім алушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тән және жан тазалығын сақтауға тәрбиелеу.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушыларымен Түркия мемлекетіндегі Карадениз техникалық университетінің профессоры Васиф Набиев кездесті.
Кездесуді ұйымдастыруға ықпал жасаған 11 “Б” сынып ата-анасы Толеуов Тимур Жаксылыковичке лицей әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!

Толығырақ...