Жаңалықтар

Қазақстан  Республикасы   Президенті  Қ.К.Тоқаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  айтылған еліміздің біртұтастығын нығайту – ең маңызды мәселе екендігін айтуы көпшіліктің  көкейінде  жүрген көп сауалдың  нақты жауабындай болды.  Халқымыздың ынтымағын сақтау, бейбітшілігін нығайту, оның мемлекеттілігін құрметтеу, қадір тұту – әр азаматтың  парызы. Қандай қиын күн туса да, елінің егемендігі үшін басын қатерге тігу тек батырдың немесе басшының ғана емес, әр азаматтың міндеті екендігі баса айтылды.  Дәл бүгін алдағы  арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет екендігін атап көрсетті.

Толығырақ...

Төтенше жағдайлар департаментінің "2022 жылға арналған тіршілік қауіпсіздігі негіздері шеңберінде Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментімен облыстың білім беру мекемелерінде өткізілетін сабақтар жоспары" аясында бүгін 2 наурыз күні мектеп-интернаттың 9 класс ер балалары мен тәрбиешісі Задагүл  Бекмаганбетова  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің N2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсияға барды.

Толығырақ...

🗓 1 наурыз күні басқарма басшысы Жолдас Батырхан Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика - математикалық мектеп - интернатының 11 сынып оқушылары Диас Итемген мен Ақнұр Аманғазыны қабылдады.

✅ Кездесу барысында түлектер өздерінің алдағы мақсаттары мен таңдаған мамандықтары тұрғысында басқарма басшысымен пікір алмасып, тілдесті.

📌 Өз кезегінде Жолдас Нұрланұлы оқушыларға қазіргі білім ордаларының жаңа ғимаратқа көшіру мәселесі болашақта жүзеге асатындығын тілге тиек етіп, үлкен өмірде сәттілік тіледі.

Толығырақ...

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық  мектеп-интернатының өзін-өзі басқару ұйымының президенті  Сансызбаев Мержан бастаған белсенді оқушылары  тобы Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мекемесінің басшысы Серікова Раушан Серікқызын, "Ақтөбе-Өрлеу" институтының директоры Нургуль Молдабаевнаны, "Ақтөбе-Дарын" орталығының директоры Нұрбек Орынбасарұлын, Білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Бұлбұл Бисембайқызын, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Чапаевнаны, Әдістемелік орталықтың директоры  Дина Узакбаевнаны, "Ақбөбек" балабақшасының меңгерушісі Гулжамал Алпысбаевнаны мерекемен құттықтап. Білім саласының дамуына қосып жүрген елеулі еңбектері үшін алғыс білдірді.