Қауіпсіздік - басты міндет

Ақтөбе облысының білім басқармасының жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатындағы тапсырмасына сәйкес бүгін 5 наурыз күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 6-9 сынып оқушыларына “Жол қауіпсіздігін сақтаймыз” және 10-11 сынып оқушыларына “Қауіпсіздік - басты міндет” тақырыптарында лицей инспекторы Бисен Мадияр Байқадамұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дәріс оқыды.