"КӘСІПКЕ ҚҰРМЕТ: МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІНДЕ"

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың ақпан айының 5 жұлдызында 9 класс оқушыларына "Кәсіпке құрмет:Мамандықтар әлемінде" тақырыбында психологиялық түзету-дамыту жұмысы өтілді. 📝Мақсаты: оқушыларды мамандықтың түрлерімен таныстыру, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру. ❇️Түзету-дамыту жұмысы аясында оқушылар қазіргі заманауи мамандықтармен танысып, бейімдеріне, қызығушылықтарына қарай мамандық таңдауға бағыт-бағдар берілді. ❇️Ұйымдастырушылар: психолог М.Истигулова және 9 класс тәрбиешісі А.Кушикбаева.