Жаңалықтар

Оқушылар арасында волейбол спортын дамыту және насихаттау, оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында 10 ақпан күні лицейішілік волейбол жарысы өтті. Жарысқа 6-11 класс аралығында барлығы 10 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша әр топтан үздік командалар анықталды. 6-7 кластар арасында 7 класс командасы; 8-9 кластар арасында 9 "Б" класс командасы; 10-11 кластар арасында 11 "А" класс командасы үздік ойын көрсетті.

Жеңімпаз командалар құттықтаймыз!!!

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНА БАРДЫ

✅️ ҚР Оқу – ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері «Білім ALL» өңірлік жобасына қатысушы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатына барды.

✔️Білім ордасында пилоттық жобаға негізделген арнайы кабинеттің жабдықталуын қарап, педагогтердің жұмыс процесін бақылады.

✔️Лицейдің үздік ұстазы ZOOM арқылы 120 мектептің оқушысына сабақ беріп, виртуалды мұғалім қызметін атқарады.

Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі. 
Мереке қарсаңында лицей-интернатымызда жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында өткен жылға есеп беріліп, мерекелік құттықтаулар айтылды.