Жаңалықтар

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушыларымен Түркия мемлекетіндегі Карадениз техникалық университетінің профессоры Васиф Набиев кездесті.
Кездесуді ұйымдастыруға ықпал жасаған 11 “Б” сынып ата-анасы Толеуов Тимур Жаксылыковичке лицей әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!

Толығырақ...

Бүгін 28 қараша күні лицей-интернатқа 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Қазақстан-Британ техникалық университетінен өкілдер келді.

Қазақстан-Британ техникалық университеті — Қазақстанның ең беделді университеттердің бірі. 2010 жылғы қорытынды бойынша "Ең үздік техникалық университет" атағын иеленді.

Қазақстан-Британ техникалық университеті әлемдік рейтингі жоғары, өндірістің үлгілі интеграциялық инфрақұрылымына қол жеткізген, халықаралық акрредитацияға ие, зерттеуші университет болуға ұмтылады.

Бүгін 28 қараша күні лицей-интернатқа 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Air Astana әуе компаниясының өкілдері келді.

«Эйр Астана» ұшқыш болып, аспанда қалықтауды армандайтын жандардың арманына ерекше назар аударады. Бойында қажетті қасиеттері мен ынтасы бар адамдарға «Эйр Астана» Ab-Initio ұшқыштарды бастапқы даярлау бағдарламасы бойынша кәсіби оқудан өту мүмкіндігін береді екен. Болашақ ұшқыштар жетекші мамандардың, соның ішінде бүкіл әлемге танымал әуе кемелерін өндіруші компания мамандарының жетекшілігімен ұшу теориясын оқып, жоғары кәсіби деңгейде даярлықтан өтеді. Практикалық қабілеттерін шыңдаған соң ұшақ штурвалына бекітіліп, ұшудың қыр-сырын үйренеді.

Толығырақ...

 

Облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында ата-аналармен қарым-қатынасты нығайта түсу, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» құрылды.

Орталықтың алғашқы жиынында ата- аналарға түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жиында сөз алған лицей-интернат директоры Қаракөз Еңсегенқызы бастаманы қолдаған ата-аналарға ризашылығын білдірді. «Ашық микрофон» айдарында тәрбиеші Кенжеш Құрметқызы жиналысқа қатысушы ата-аналармен сұхбаттасып, ой бөлісті. «Даналық мектебі» клубының жетекшісі Балжан Зұлқашқызы клуб жұмысын ұйымдастыру бойынша ата-аналарға презентация жасады. Педагог-психолог Мейрамгүл Қаңтарбайқызы «EQ және үйлесімді даму» тренингін өткізді. Ата-аналар «Даналық мектебі» клубының жұмысына қолдау білдіріп, нәтижелі жұмыс жасау мақсатында жоспар бойынша ағарту жұмыстарын жүйелі жалғастыруға келісті.

Осы отырыстан кейін өткізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбындағы ата-аналар жиналысында 6-9 сыныптар арасында «Баланың бас ұстазы — ата-ана», 9-11 сыныптар арасында «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…» тақырыптарында тренинг, дөңгелек үстел, дастарқан басындағы әңгімелер өткізді.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың қараша айының 21 жұлдызында кезекті педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
✅️- І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының қорытындысы. 9-11-сыныптардағы «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» үміткер оқушыларды ұсыну.
/К.Ж.Кулымов-оқу ісінің орынбасары/
✅️- Тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің ынтымақтастығын «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша жүзеге асыру.
/С.А.Есенғұл – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/
✅️- Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруда жүргізілетін жұмыстар.
/А.Ә.Жолмағанбет - математика пәні мұғалімі/
✅️- Негізгі және жалпы орта білім беру сатысында кәсіптік бағдар беру жұмысының психологиялық ерекшеліктері.
/М.К.Истигулова – педагог-психолог/
-Аталған мәселелер педагогикалық кеңесте кеңінен тыңдалып, оң шешімі шығарылды.