ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ

 «Даналық мектебі» клубының ұйымдастыруымен бүгін 29 ақпан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Әжелер мектебі» бағыты бойынша «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге лицей-интернатта немерелері оқып жатқан әжелер қатысты. Кездесу барысында әжелер өз отбасыларындағы құндылықтарды насихаттап, жан-жақты мағлұмат берді. Әжелер бүгінгі басқосуда талқылаған тақырып бойынша алдағы уақытта ата-аналармен кездесіп, даналық сабақтарын өткізетін болады. Кездесуге қатысып өнегелі өсиеттерін айтып, ақ баталарын берген әжелерді лицей-интернат директоры Каракөз Енсегенқызы алғыс хатпен марапаттады. "Даналық мектебі" клубының жетекшісі Айетова Балжан Зулкашевна