Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбындағы  танымдық конференциясын Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есенғұл Сәтбек Аманбайұлы ашып берді, конференция бағдарламасы бойынша  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Хакимова Сұлушаш Максимовна мерекемен құттықтады.
 «Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» тақырыбында облыстық маслихат депутаты, «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жанша Бақытхан Құрманқызы сөз алды. Желтоқсан оқиғасының куәгері көзімен көрген тарихи оқиға туралы тағылымды әңгімесімен бөлісті, оқушылар ерекше әсер алды.
Лицей-интернаттың тарих пәнінің мұғалімі Салтанат Қуандыққызы «Желтоқсан оқиғасы-демократия жаршысы» тақырыбында баяндама жасады.
 «Мен – Тәуелсіздік құрдасымын!» тақырыбында лицей-интернат тәрбиешілері Толғанай Анарбековна мен Айсұлу Куандыковна конференцияға қактысушыларға викториналық сұрақтар қойды.
 «Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар» тақырыбында лицей-интернаттың биылғы жылғы түлегі, 11 «А» класс оқушысы Жеткерген Шапағат болашақтағы жоспарымен бөлісіп, тілегін білдірді.
«Тәуелсіздікке тарту» бөлімінде лицей-интернаттың 6 класс оқушысы Қайырхан Дильназ, 7 класс оқушысы Жайылхан Айжүрек, 9 «Б» класс оқушылары Әбділлә Ершат пен Мұхтар Ерасыл белгілі қазақ ақындарының желтоқсан туралы, тәуелсіздік туралы шығармаларын оқыды. Ал, 8 «А» класс оқушысы Әділхан Бейімбет «» атты жүрек жарды туындысын жиналған жұртшылық назарына паш етті.
Кітапхана қызметкері Аленова Мадина «Желтоқсан - тәуелсздік бастауы» атты кітап көрмесін дайындап, библиографиялық шолу жасады.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша әзірлеген іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты 12 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында танымдық конференциясын өткізді.
       Конференцияға «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінен арнайы қонақтар шақырылды. Конференцияға қатысқан «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, облыстық маслихат депутаты, желтоқсан оқиғасының куәгері Бақытхан Құрманқызы «Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» тақырыбында баяндама жасады. Танымдық конференцияға қатысушылар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалады. Сонымен бірге физика-математикалық лицей-интернатының ұстаздар мен оқушылары дайындаған «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбындағы шараның куәгері болды.
      Конференцияға қатысушы оқушылар «Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар» ұранымен шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды, қонақтармен естелік фотоға түсті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік-ұлт рухының бастауы» тақырыбында «Ақтөбе Медиа» орталығына барып «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Сәтжан Дәрібай мырзаның қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Сонымен қатар «Ақтөбе Медиа» орталығының мұражайына экскурсия жасап, орталық қызметкерлерінің жұмысымен танысты

2022 жылдың 13 желтоқсан күні «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында лицей-интернаттың кəмелет жасқа толмағандар жөніндегі​ инспекторы, полиция аға лейтенанты
Ш.Сапарова оқушылардың ұялы телефондарын пайдаланудағы сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Дәріс барысында ұялы телефондарын көпшілік ортада, қоғамдық көлікте, бөгде адамдардың жанында қалай қолдану керектігі және сақтық шаралары туралы айтылды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жасөспірімдердің түнгі беймезгіл уақытта өз бетінше үлкендердің еріп жүруінсіз көшеде жүрмеуін, түнгі ойын клубтарында баруға тыйым салынатындығы туралы да ескертіп өтті.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Сонымен қатар дәрісте бопсалау-балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс екенін айтты.