«Сырғалым-сырласым» тақырыбында сайыс өтті

⚜️«Даналық мектебі» клубы жетекшісі Айетова Балжан Зұлқашқызының ұйымдастыруымен бүгін, яғни, 5 наурыз күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Жеңгелер мектебі» бағыты бойынша 8-10-сынып аралығындағы оқушы қыздар мен олардың жеңгелері қатысқан «Сырғалым-сырласым» тақырыбында сайыс өтті.
⚜️Бұл сайыстың ерекшелігі қонақ болып «Алтын алқа» иегері, «Бақытты отбасы»орталығының медиаторы Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы қатысты.
⚜️Сайыстың басты мақсаты: ұлттық салт-дәстүрлерді қадірлей отырып, қыз үшін жеңгесінің алар орны ерекше екенін ұғынуға тәрбиелеу.
⚜️Ғибратқа толы сайыста қайынсіңілісі-жеңгесі жақын тұтар сырласы екенін,ал жеңгесі-қайынсіңілісіне өз сіңілісіндей қамқор бауыр бола алатынын көрсете білді.
⚜️Сайыс соңы Бибігүл Әбдішүкірқызының ізгі батасымен аяқталды.