АИТВ-жұқпасының алдын алу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 23 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 94
Салауатты өмір салтын ұстану, нашақорлыққа қарсы деструктивті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру үшін Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Муханбетжанова Самал Жоламанқызы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 9-11 сынып оқушыларымен "АИТВ-жұқпасының алдын алу" тақырыбында кездесу өткізілді.
Бұл жиын АИТВ-жұқпасын жұқтырмау жолдары туралы білім деңгейін арттыру мақсатында жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар адамның имунитет жоятын қатерлі дерт пен оның адам ағзасындағы дамуына қатысты көптеген пайдалы ақпарат алды. Салауатты өмір салтын ұстануда негізгі жауапкершілік әр адамның өзіне жүктелетіндігі жөнінде ой түйді.