Тәрбие жұмысы

2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығында шығармашылық, интеллектуалдық республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздарына марапаттары табысталды. Бірнеше байқауларға қатысып жеңімпаз атанған "үздіктер" анықталды.
"Үздік оқушы" номинациясымен марапатталғандар:
1. Сейтқали Аружан.
2. Нурмухамбет Әмір.
3. Қонысов Асанәлі.

Аталған оқушыларға демеушілік есебінен біржолғы шәкіртақы беріліп, ата-аналарына мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттар білдірілді.

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!

 

"Аттандық бала шақтан - болашаққа!" атты мектеп бітіруші түлектердің онкүндігі аясында
"Бүгінгі түлек - ертеңгі тұлға" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мектеп-интернат директоры Карагоз Енсегеновна қатысып, түлектерге ыстық лебізін білдірді. Кездесу барысында заман талабына сай болашақ мамандық таңдау туралы әңгіме қозғалды. Кездесу соңында ер балаларға әскерге шақыру туралы тіркеу куәліктері табысталды.

"Аттандық бала шақтан - болашаққа!" атты мектеп бітіруші түлектердің онкүндігі  бүгін "Гүл ек, туған жерді түлет" акциясымен жалғасын тапты. Мектеп ауласын абаттандыру мақсатында түлектеріміз гүл отырғызды.

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жасақталған "Үздік мектеп бұрышы - 2022" облыстық байқауынан Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты жүлделі ІІІ орынды иеленді !
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!