Тәрбие жұмысы

2022 жылғы 5 қазанда Ақтөбе облысының білім басқармасы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасының 37 жеңімпазын салтанатты марапаттау шарасы өткізілді. Салтанатты марапаттау шарасына Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 7 класс оқушылары Жайылханова Айжүрек пен Хамит Жанерке қатысты.

Интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге қабілетті тұлға қалыптастыру, шығармашыл, дарынды оқушыларды ынталандыру мақсатында Ақтөбе облыстық білім басқармасының атынан "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Ж.Есенжолова балалардың болашағына жауапкершілік танытып, қолдау көрсеткен ата-аналарға Алғыс хат, жеңімпаздарға диплом мен 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде сертификат табыстады. Шара барысында лицей-интернатымыздың 7 класс оқушысы Жайылханова Айжүрек олимпиада туралы өз ойларымен бөлісті және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Жеңімпаз оқушыларымызды және олардың ата-аналар шын жүректен құттықтаймыз!

"Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік" атты мерекелік концерттің бірінші бөлімінде ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Түлектер мен олардың ата-аналары өнерлерін ортаға салып, ыстық ықыластарын білдірді.

Ұстаздар күні өткізілген "Жанында жүр жақсы адам" атты жас мамандар мен тәлімгерлеріге арналған дөңгелек үстел.

Ұстаздар күніне орай өткізілген "Дублер күні"

Жоғары деңгейде ұйымдастырған 11 сынып оқушыларына алғыс білдіреміз!